Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 10
(1-72)

Кеменің қожайыны сенің мына түріңці көрсе, "алжасқан есуас неме, кемемнің сенімді екеніне күмәнданып тұр-ау. Мазақ қылуын қарашы, өзінің" деп қамап тастауы мүмкін. Һәм, баршаға күлкі боласың. Себебі, әлсіздігіңді көрсететін тәкәппәрлығың, бейшаралығыңды білдіретін көкіректігің, екі жүзділік пен мүсәпірлігіңді көрсететін жасанды іс-әрекеттеріңді көрген жұрт әжуәләп күліп жатыр" дегеннен кейін, әлгі бейшараның есі кірді. Жүгін қойып үстіне отырды да:

- Уф, Құдай қалауыңды берсін! Машақаттан, қамаудан, масқара болудан құтқардың -деп, серігіне алғысын білдірді.

Міне, әй тәуекелді білмейтін адам! Ақылға кел, тәуекел де! Сол кезде жаратылыс атаулыға тіленуден, оқиғалардан түршігуден, масқаралықтан, ахирет азабынан, тар дүниенің қыспағынан құтыласың.

Төртінші нүкте:

Адамды адам еткен иман. Тіпті сұлтан қылатын да сол. Олай болса адамның басты міндеті - иман мен дұға. Күпірлік - адамды нағыз хайуанға айналдырады.

Бұл мәселемізге мыңдаған дәлелдерден бір ғана дәлел: хайуан мен адамның дүниеге келу сәтіндегі айырмашылықтар.

Дыбыс жоқ