Егер: "Қайта-қайта дұға етіп жалбарынып жатамыз. Кейде қабыл болмайды. Алайда аят жалпыға ортақ, барлықдұғаға бірдей жауап беріледі, дейді. Сонда қалай?" - дейтін болсаң, оған айтыларжауап мынадай:
Жауап беру басқа да қабыл алу басқа. Барлық дұғаның жауабы беріледі. Бірақ қабыл болуы және тілегені орындалуы Аллаhу Тағаланың хикметіне тәуелді. Мәселен: Науқас бала дәрігерге келіп: "Дәрігер!" - дейді. -"Иә балақай, айта ғой", - деп жауап береді дәрігер.
- Маған анау дәріні бересіз бе? - дейді бала. Дәрігер болса оның айтқанын я бұлжытпай орындайды, я оның жағдайына байланысты одан да жақсысын береді, не болмаса денсаулығына зиян екенін біліп ештеңе бермейді.
Сол сияқты Жәнаб-ы, Хаким-ы Муглақ бәрін көретін, білетін болғандықтан құлының дұғасын жауапсыз қалдырмайды. Оның жалғыздық пен қорқынышты күйіне өзінің жанашырлығымен жауап беріп, қайғысын қуанышқа айналдырады. Әрине адамның әуесқой нәпсісінің қалауына қарай емес, Раббани хикметінің талабына сай түрде тілігенін немесе одан да тәуірін береді. Я болмаса ештеңе бермейді.
Сондай-ақ, дұға дегеніміз құлшылық. Құлшылық жемісін ахиретте береді. Дүниедегі мақсаттар болса, сондай дұға мен құлшылықтың уақыттары болып саналады. Ол мақсаттар бір пайда көру үшін емес. Мәселен: жаңбыр намазы мен оның дұғасы құлшылық болып саналады. Ал құрғақшылық болса сол құлшылықтың уақыты. Әйтпесе, ол дұға мен құлшылық жаңбырды жаудыру үшін емес. Егер тек сол үшін болса, ол дұға мен құлшылық шын жүректен болмағандықтан қабыл болуға лайық емес. Мәселен, Күннің батуы ақшам намазының уақыты болып саналады.