Сондай-ақ, айнала дарға асулар мен дінді жою жоспарлары іске асырылып, бірде-бір діни кітаптың басылмай жатқан қараңғы, үрей билеген дәуірде, әсіресе, Құранмен шариғат негіздерін жоюға, оны сөндіруге жанталасқан кезеңде, Қүран мен Шариғат негіздерін жазып, қызғыштай қорғаған, күні бүгінге дейін өз оқырмандарын тапқан асыл тәрбиеші және Исламның заманымызға сай керемет жолбасшысы, әрі Қүранның адал да заңғар тәфсиршісі болуы тиіс.
Міне, күнімізде жоғарыда аталған тоғыз шартты қасиеттер, тәфсирші Саид Нүрсидің бойында, әрі "Нүр Рисаләсі" атты шығармада дәлме-дәл кездесетінін, әділ Ислам ғүламалары бірлесе мақүлдап отыр. Сондай-ақ, жанданып, өркен жайып келе жатқан Ислам әлемінде, тіпті Еуропада, Америкада да мәлім болып қызу қуаттау тауып отыр. Мінекей, қадірлі бауырлар! Біз осындай Қүран тәфсирін үзақ жылдар бойы сарғая күтіп жүрдік. Осындай бір тәфсирші болса деп армандаушы едік.