«Бисмилләһ» - әр бір қайырлы істің басы. Біз де әуелі осыдан бастаймыз. Біл, әй, нәпсім! Бүл мүбарак сөз - Ислам нышаны болғаны секілді, бүкіл мәужудаттың да хал тілімен вирди зебаны.
«Бисмилләһ» - қаншама үлкен, сарқылмас бір қуат, қаншама көп, тау-сылмас бір береке екенін түсінгің келсе, бүл мысал болған шағын ғана хикаяға қара, тыңда... Былайша:
Көшпелі арабтардың шөлдерінде саяхат еткен адамға керегі: бір тайпа басшысының есімін алсын және қарамағына кірсін. Солайша қарақшы- лардың жамандығынан қүтылып, қажет нәрселерін ала алсын. Болмаса, жалғыз басымен шексіз көп дүшпандары мен мүқтаждықтарының қарсысында пүшайман болады. Міне, осындай бір саяхат үшін екі адам шөлге шығып кетіп барады. Олардың біреуі кішіпейіл, екіншісі болса, тәкаппар еді... Кішіпейіл болғаны бір басшының есімін алды, тәкаппар болса алмады... Алғаны барлық аймақта сау-саламаттылықпен кезді. Бір жолтосар қарақшыға кездес кендв: «мен пәлен басшының есімімен кезудемін» - десе, қарақшы оған тиісе алмай, жайына кететін еді. Бір шатырға кірсе, ол есім арқылы қүрмет көретін еді. Екінші тәкаппар болса, бүкіл саяха-тында сондай бәлелерге жолығар еді, айтып жеткізу мүмкін емес. Әрдайым дірілдейтін, әрдайым қайыршылық ететін еді. Әрі залил, әрі разил болды.