Неліктен мына └Оныншы сөзді" жаппай толық түсіне алмадым " деме толық түсіне алмадығыңа өкінбе! Неге десең, Ибн-и Сина тәрізді дананың өзі деген екен. Яғни: "Иман келтірдік. Алайда мұны ақылмен ұғу мүмкін емес" деп ұйғарған. Һәм сондай-ақ барлық Ислам ғұламалары └Хашир бір тасымалданған мәселе. Дәлелі де тасымал. Ақылмен түсініп болмайды" деп бірлесе үкім еткен; былай қарағанда әрине мүндай терең әрі мағынауи ауқымды бір жол бірден әркім түсіне қоятын кең жолға айнала қоймас. Қуран-ы Хакимнің фейізі арқасында Халиқ-ы Рахимнің рахметімен мына уқсатып бағуға келмейтін, тәслімі бузылып тұрған ғасырда, әлгі терең де биік жолды осындай түрде ихсан еткеніне мың да бір шүкір етуіміз керек.
Өйткені иманымызды сақтап қалуға толық жетеді. Неғұрлым уқсақ соған риза болып, қайта-қайта талқылап түсінігіміздің артуына тырысқанымыз жөн. Хаширды ақылмен ұғыну мүмкін еместігінің себебі; Хашир-ы Ағзам Есім-і Ағзамның шағылысы арқылы іске асатындықтан, Аллаhу Тағаланың Есім-і Ағзамынық және әрбір есімінің жоғары мәртебесіндегі шағылысуымен көрінетін алып істерді көру және көрсету арқылы, Хашир-ы Ағзам көктем тәрізді оңай расталып, оған берік сенім әрі толық иман етуге болады.
Мына Оныншы Сөз, Қуранның шапағатымен солай көрінеді. Әйтпесе ақыл, өзінің тар әрі шағын дәстүрлерімен жеке қалса, дәрменсіз қалып, көзін жумып ізінен еріп жүре беруіне тура келеді.