Біріншісі: Шындық жолындағылардық араздығы ақиқатсыздықтан пайда болмағаны сияқты, ғапылдардың да бірігуі ақиқатшылдықтарынан емес. Керісінше дүние қуғандар мен саясатшылардың, әрі мектеп оқығандар секілді әлеуметтік тұрмыстағы орындарға байланысты белгіленген қызметпен және өзіндік бір міндетпен шуғылданған топтардың, жамағаттардың, сондай-ақ ұйымдардың атқарар міндеттері белгіленіп, тағайындалған. Әлгі міндеттері үшін алатын ақшалай, заттай ақы және атаққұмарлық пен даңгойлық жағынан халықтың назарын аударуынан алатын (сілтеме2) рухани ақы айқындалып, бөлініп берілген.
Қиындық, айтыс-тартыс, бақталастық туғызатын қатынастары жоқ. Сондықтан олар, қалшалықты жаман жолда жүрсе дағы бір-бірімен тіл табыса алады.
Алайда, діндарлар мен білім иелері, сондай-ақ, тариқат басшыларының атқарар қызметтері жалпыға ортақ. Бұл дүниедегі ақылары да нақты айқындалып берілмеген... әр қайсысының әлеуметтік мәртебесі мен халықтың арасындағы беделі, халықтың игі сезімі меншіктелмеген. Сондықтан да бір мақамға көптеген адам талапкер болады. Материалдық және мағынауи еңбек ақыға көп қолдар ұмтылуы мүмкін. Осы тұрғыдан бақталастық, қиындық туындап, достық араздыққа, ауызбіршілік айрылыққа айналады.