ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | 7
(1-41)

ЕКІНШІ СЕБЕП: Ауызбіршіл ік; хақ жол дан тайған азғындардың арсыздығынан, ал алауыздық та хақ жолда жүргендердіқ намысқойлығынан болып отыр. Яғни әхл-и ғафлет дүние қорлар, хақ жолдан тайған азғындар хақ пен ақиқатқа сүйенбегендіктерінен, әлсіз әрі намыссыз келеді. Қорланғандары үшін күш-қуат алуға мұқтаж. Осы қажеттіліктен, басқалардың жәрдемімен өз ара бірігуге шын көңілдерімен тырысады. Тіпті, жолдары азғындық болса да ауызбіршілікті сақтап отырады. Бейне бір ондай хақсыздықта бір хақ құмарлық, әлгі далалетте бір ықылас, ондай дінсіздікте атейстер сияқты қасарысқандық, әрі ондай арандатушылықта бір татуластық құрады әрі табысқа жетеді. Өйткені шынайы бір ықылас; шерлі нәрседе де болса босқа кетпейді. Иә, ықыласты түрде кім не қаласа, Аллаh оны береді. (сілтеме)

Ал, хақ жолдағылар мен діндарлар және білім мен тариқат жолындағылар хақ пен ақиқатқа сүйенгендіктерінен хақ жолында әр қайсысы тек Раббысын ойлап, оның таупығына сүйенгендіктен өз жолының мағынауи жағынан келген ар намысы бар. Әлсіздігін сезген кезде көмекті, адамдардан емес, Аллаhтан сұрайды. Мінез-құлықтарының өзгешелігінен ортақ жолына көмек алуды қажетсінбейді. Оның үстіне менмендік пен көкіретігі де болса, өзін дұрыс, ал қарсыласын бұрыс деп ойлап, ауызбірлік пен ынтымақтың орнына бөліну мен бәсеке басталып, ықылас жойылады, міндеті атқарылмай қалады.

---------------------------------------
(сілтеме)Иә,
Іс ақиқат дәстүрі. Мағынасы терең де ауқымды. Бізді де қамтып, ішіне алуы мүмкін.

Дыбыс жоқ