ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | 8
(1-41)

Міне, осы қатерлі себептің салдарынан шыққан зиянды нәтижелерге ұшырамаудың шарасы ⌠тоғыз әмр■

Біріншісі: Жағымды әрекет ету, яғни өз жолының сүйіспеншілігімен әрекет ету. Басқа жолдарға қастандық ету, оларды кемсіту, басқаның ой-пікіріне, іліміне араласу, шатасу сияқты жат қылықтардан аулақ болу.

Екіншісі: Тіпті Исләм жолындағы қайсібір мешрәб (жол) болсын, араларында сүйіспеншілік, бауырластық, ауызбіршілікке ұйытқы болатын байланыстар бар екенін ойлап, ынтымақта болу.

Үшіншісі: Қайсібір тура жолдың иесі, басқаның ісіне араласпауы тұрғысында ⌠Жолым тура, хақ немесе әлдеқайда жақсы■ деуге правосы бар. Бірақ, басқаның жолын бұрысқа шығаратын немесе жағымсыз жақтарын туспалдайтын ⌠Менің жолым ғана хақ, жағымдысы менікі ғана деуге правосы жоқ,■ дейтін нысап қағидасын сақтау...

Төртіншісі: Сондай-ақ, хақ жолындағылармен бірігу; Аллаhу Тағаланың таупықына бөлену, діннің өркен жаюына бірден бір себеп екендігін естен шығармау...

Бесіншісі: Һәм, азғындар мен хақсыздар -жәрдемдесудің арқасында- жамағат бейнесінде, қуатты бір мағынауи тұлға арқылы шабуылы кезінде, әлгі мағынауи тұлғаға қарсы, ең күшті деген жеке қарсыласудың жеңіліп қалатынын түсініп, хақ жолындағылар, бірігу арқылы бір мағынауи тұлға болып, әлгі азғындардың қауіпті мағынауи түлғасына қарсы тұрып, тура жолдан таймау...

Алтыншысы: Хақты жалақорлықтың басқыншылығынан қутқару...0л үшін де;

Дыбыс жоқ