ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | 11
(1-41)

Әй, сауапқа тойымсыз, ахиреттік істерге қанағатсыз адам! Тыңдаушылары санаулы болса да пайғамбарлық маңызды міндетін атқәрып, мол ақысын алған кейбір пайғамбарлар болған. Демек, ізінен ергендерді көбейту өнер емес, өнер; Аллаhтық ризашылығына бөлену. Сен кімсің сондай-ақ, Құдайдың ісіне араласасың кеп? Мойындату, халықты үйіріп алып кету Аллаhтың ісі. Өз міндетіңді толық атқар! Аллаhтың ісіне араласпа! Сондай-ақ, хақ пен ақиқатты тыңдаушылар, айтқан адамға сауап жаздыратындар тек адамдар ғана емес, Аллаhтың саналы мақұлықтары, руханилары және періштелері әлемнің әр тарапында бар. Сен қыруар сауап алғың келсе, өзіңе ыхласты негіз деп ал, тек Аллаhтың ризашылығын ойла! Сонда сенің ауызыңнан шыққан әр бір мүбәрак сөз; ауадағы бөлшектерімен, ыхлас арқылы және адал ниет арқылы жанданып тіріледі де сансыз саналылардың құлақтарына кіріп, оларды нұрландырады әрі саған сауап жаздырады. Себебі; мәселен, сен ⌠әлхәмдулилләh■ дедіқ. Бұл сөзің миллиондаған үлкенді-кішілі ⌠әлхамдулилләh■ деген сөздерді Аллаhтың құдретімен ауаға жазады. Наққаш-ы Хаким әбестік пен ысырап етуден аулақ болғаны үшін, әлгі мубәрак сөздерді тыңдайтын көптеген қүлақ жаратып қойған. Егер ыхласты түрде болып, және адал ниетпен манағы сөздер жанданса, ләззаты мол жеміс сияқты руханилердің құлақтарына кіреді. Ал егер, ыхлас пен Аллаhтың ризашылығы айтылған сөздерді жандандырмаса тыңдалмайды, әрі сауап тек ауыздан аспай қалады. Дауысы өте жақсы болмағандықтан, тыңдаушылар аз деп, тартыншақтайтын қарилардың құлақтары шуласын!

Дыбыс жоқ