ТӨРТІНШІ СЕБЕП: Әхл-и хидаеттің бәсекелесе жік-жік болуы; істің соңын ойламағандықтан, ақылының таяздығынан еместігі белгілі, сол сияқты әхл-и далалеттің шынайы бірліктері істің соңын ойлап, өткір назарларынан емес. Әхли-хидает, хақ және ақиқаттың күшімен нәпсінің соқыр сезіміне берілмей, жүрек пен ақылдың турашыл пейіліне тәуелді болып, хақ жол мен ыхласты сақтай алмағандықтан әлгі жоғары мәртебеге ие бола алмай жік-жік болуда.
Әхли-далалет болса; нәпсі мен әуестіктің әсерімен, соқыр әрі істің соңын көрмейтіи және азғана дайын ләззат үшін келешекте берілетін батпан ләззатты тәрк ететін сезімнің күшімен бір-бірімен ынтымақ құрып, дайын олжа мен әзір ләззат үшін қуатты түрде ауызбірлік етуде.
Иә, дүниелік және әзір ләззат пен пайда үшін азғын да ниеті жаман нәпсі құмарлар ынталы түрде бас қосып, ұйымдасуда. Әхл-и хидает, ахиретке тиісті және ілгеріде берілетін жемістерге, табыстарға жүрек пен ақылдың қасиетті қағидаларымен көңіл бөлгендіктен іргесі берік тура жолда жүру, толық ықылас пен жанкештілік, ынтымақ қолдарынан келе тұра; менмендіктен құтыла алмай, асыра сілтеп немесе жеткізбей қойып, сарқылмас қуат болып табылатын ауызбіршілікті жоғалтып ыхластан айрылуда әрі ахиреттік ісі де оңбауда. Оңайлықпен Аллаhтың ризашылығына бөлене алмауда. Осы бір қауіпті аурудың емі яғни дәрісі;
⌠әл хуббу филләh■ сырымен хақ жолда жүргендерге серік болып, мақтан тұту, олардың ізінен еру; және имамдықты оларға беру; әлгі хақ жолында кімді болса өзінен әлдеқайда жақсы екендігін ойлап менмендіктен баз кешіп ыхласқа қол жеткізу; ыхласпен жасалған азғана іс; ыхлассыз көптеген істерден үстем екендігін ескере отырып, жауапкершілігі ауыр қауіпті болған басқарма ісін тастап, қызметші болуды қалап әлгі аурудан тәуір болады әрі ықыласқа қолы жетіп ахиреттік міндетін адал атқаратын болады.