ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | 15
(1-41)

Міне, әхл-и хақтың осы бір орынсыз келіспеушілік дейтін ауруының емі мен дәрісі: жақ-жақ болып бөлінуді қатаң тыйым салатын: деген Қуран аяты, және дейтін аятындағы қоғамдық өмірде мақызды рол атқаратын Иләhи әмірді тыңдау әрі бөлінудіқ Ислам діні үшін қаншалықты зиянды екенін ойлап, және осылайша әхл-и далалеттің әхл-и хаққа үстемдік етуіне жәрдем еткенін аңғарып, асқан әлсіздік пен өте дәрмәнсіздікпен әлгі әхл-и хақтың көшіне жан кешті әрі шынайы түрде қосылу болып табылады. Меншілдікті ұмыту арқылы екі жүзділік пен жасанды іс-әрекеттен құтылып, ыхласқа қол жеткізу.

АЛТЫНШЫ СЕБЕП: Мұсылмандардың бастарының қосылмауы: мәртсіздіктерінен, Аллаh үшін күш қайрат жұмсамағандықтарынан, немесе намыссыздық пен ұялмауларынан емес. Сондай-ақ, қапы қалып ахиретті ұмытушы кәпірлердің дүниеуи істердегі ауызбіршілігі, мәрттіктен, күш-қайраттары мен намысқойлықтарынан емес. Мүсылмандардың көпшілігі ахиретке пайдалы жұмыстарды ойлап, күш-қайраты мен намысын сол маңызды мәселелерге жұмсайды. Негізгі байлығы болған уақытын бір ғана мәселеде жұмсамағандықтан, қызметтестерімен (мусылмандармен) келісімі әлсізденеді. Себебі, ахиреттік маңызды мәселелер өте көп.

Дыбыс жоқ