ЖЕТІНШІ СЕБЕП: Хақ жолдағылардың келіспеушіліктері мен бәсекелері, қызғаншақтықтан және қасарысушылықтан емес. Сондай-ақ, дүниені ғана ойлаушылар мен ғапыл қалғандардың ауызбіршілігі; ақкөңіл, жомарттығы мен ұлылығынан емес.
Хақ жолдағылардың, ақиқаттан келген ұлылықты, күш-қайратпен хақ жолдағы жарысты шын мағынасымен орындай алмауларынан, арасына кірген екі жүзді сатқындардың кесірінен, бір-бірі жайлы жаман ойға кетіп, бақталастық пен алауыздыққа түсіп, әрі өздеріне әрі Ислам жамағатына зиян тигізуде.
Бұл дүниені ғана ойлап азғындық жолға түсушілер болса, қол жеткізген мақамдарын қолынан шығармау үшін және бас пайдасы үшін, қолпаштаған бастықтары мен жора-жолдастарын ренжітпеу үшін, екі жүзді намыссыз жолдастарымен, тіпті сатқын зиянкес те болса ауызбіршілік жасауға дайын болып, бас пайдасы үшін кіммен де болса тіл табысуда. Дос көрініп, пайдалануға тырысуда.
Әй, басы бәлеге душар болып, ауызбіршілігін жоғалытқан хақ жолдағылар!
Мына пәлекетті заманда, ықыласты жоғалтып, Аллаh рызасын мақсат етпегендіктеріңізден, хақ жолдағылардың жеңілістері мен қор болуына себеп болдыңыз.