ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | 21
(1-41)

Бәсекелесу арқылы Аллаhтың әулиелеріне қарсы бір түрлі қастандық ойлап Аллаhтың кең мейріміне кінә артады.

Бұл ақиқатты қуаттай түсетін бір оқиға: Ескі достарымыздан біреуінің басқа біреуге қастандығы бар еді. Онық көзінше әлгі дұшпаны салих амалдармен мадақталып, тіпті әулие кісідей мақталып, жақсы жақтары баяндалды. Мұны әлгі адам еш те қызғанбады. Содан әлгі жерде біреуі турып былай деді:

- Сенің ол дұшпаның батыр әрі күшті екен, пәлі. Байқаймын, әлгі сөз ол адамның қызғаныш пен бәсеке сезімін оятып жіберді. Оған былай дедік.

- Әулиелік пен тақуалық шексіз әрі мәңгі өмірдіқ алмасындай, әрі қуат әрі жоғары мәртебелік. Сен бұл тұрғыда түк қызғанбадың. Дүниелік қуат өгізде, ал батырлық жануарда да болады ғой, бұлар әулиелік пен тақуалықтың қасында бір қарапайым шыны тәрізді түкке турғысыз болып қалады. Әлгі адам, былай деп жауап берді:

⌠Бул дүниеде бір жерге бір мақамға екеуміз көз салған болатынбыз. Ол мақамға жету үшін қуат пен батырлық керек. Сол үшін қызғандым. Ахиреттегі мақамдар шексіз. Ол бұл жерде менің дұшпаным болса да, ол жерде шынайы да сүйікті досым болуы мүмкін.■

Әй, әхли ахиқат пен әхли тариқат! Хаққа қызмет; үлкен бір қазына қойманы арқалау әрі сақтау тәрізді. Ол қазына қойманы арқалағандарға қаншама қуатты қолдар көмекке келсе, соншама жеңілдеп, рахат болып қалады. Қызғану емес, керісінше өте шынайы сүйіспеншілікпен әлгі келгендердің, өзінен көп есе қуаттарын, өте күшті әсерлерін, мақтана қошаметтеп құрмет көрсетудің орнына, бәсекелесіп, мұндай көмекші достарға ала көзбен қарап, осылайша ықыласты жоюдың себебі не?

Дыбыс жоқ