ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | 22
(1-41)

Міндеттеріңде кінә артылып әхли далалеттің назарында, сендерден және сендердің кәсіптеріңнен жүз есе узақ әрі төмен болып есептелетін дінмен дүниені алдау, және ақиқат ілімін күн көру үшін пайдалану, ашкөздік пен құшырлана бәсекелесу сияқты жаман кінә артуға нысана болып қаласыңдар.

Бұл індеттің жалғыз емі бар. Ол нәпсісін айыптау, әрі әрдайым нәпсісіне емес кәсіптесіне(әріптесіне) жақтасу.

Ислам әдет-ғұрпы мен тартыс ілімі гүламаларының арасында ақиқат құмарлық пен нысаптың дәстүрі болған мына: ⌠Әр бір мәселенің тартысында сөзінің дұрыс болып шығуын қалап, дұрыс болғанда қуанса және қарсыласының бұрыс, жаңылысқанына риза болған адам нысапсыз, hәм зиян шегеді.■

Себебі: Сөзі дұрыс шықса, білмеген бір нәрсесін үйрене алмайды, қайта өркөкіректігінен зиян шегуі мүмкін.

Егер, қарсыласы жеңіп шықса, ешқандай да айыбы жоқ, қайта білмеген бір нәрсесін үйреніп, нәпсісінің өркөкіректігінен құтылады. Демек, шыншыл адам, ақиқат үшін нәпсісін ауыздықтай алады. Қарсыласыныкі дұрыс шықса, ризашылығымен қабыл етіп, шындық үйренгені үшін қуанып қалады.

Міне осы дәстүрлерді, әhли дін, әhли ақиқат, әhли тариқат, әhли ілім өздеріне жол басшы етіп алса ғана ықыласқа ие болады. Ахиреттік міндеттерінде де жеңіске жетеді. Қазіргі заманның пәлекеттері мен моральдық құлдыраудан, Аллаhтың рахметі арқылы құтыла алады.



Дыбыс жоқ