ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | 25
(1-41)

Хазіреті Жүсіп Ғаләhиссәләм: деп жүгенсіз нәпсіге сенім жоқ. Менмендік пен нәпсі алдамасын.

Ықыласқа жету, оны сақтау және тосқауылдарды жою-үшін, төмендегі дәстүрлер жетекшілерің болсын:

БІРІНШІ ДӘСТҮР: Атқарған істерің Аллаhтың ризашылығымен болсын. Егер ол разы болса, дүние жаппай безіп кетсе де оқасы жоқ. Егер Ол қабыл алып, бүкіл халық наразылық білдірсе ештеқе қылмайды. Ол разы болып, қабыл алған соң әрі қаласа, хикметіне үйлесетін болса, сендер қаламасаңдар да халыққа мойындаттырады; оларды да разы қылдырады. Сондықтан, бул қызметте тек қана Аллаhтың ризашылығын басты мақсат деп білу керек.

ЕКІНШІ ДӘСТҮР: Құран үшін қызмет етіп жүрген бауырларыңды мінемей, оларды менің адамгершілігім сенікінен жоғары дегендей, қызғаныш сезімін оятпау. Қытығына тимеу. Себебі, адамнық бір қолы екінші қолымен бәсекелеспейді, бір көзі екінші көзін мінемейді, тіл құлаққа қарсы шықпайды. көңіл рухтың айыбын көрмейді; керісінше бір-бірінің нуқсандықтарын толтырып, жыртығын жамап, қажет кезінде көмектесіп отырады, міндетін атқаруына жәрдемдеседі. Әйтпесе ондай орғанизм өліп, рухы шығады, дене ыдырап кетеді.

Дыбыс жоқ