Сондай-ақ, бір фабриканың бөлшектері бір-бірімен бақталасып, аяқтан шалып, тосқауыл болып, бір-біріне үстемдік етпейді. Бір-бірінің ағаттықтарын көріп, мінеп еңбекке деген ынтасын жойып, жалқаулыққа үйретпейді. Қайта жан тәндерімен бір-бірінің барыттарын бір жолға бағыттау үшін жәрдем етеді. Нағыз бірлік, ынтымақпен негізгі мақсаттарына ұмтылады. Егер зәрредей тосқауыл, үстемдік басталса ол фабриканың астан кестеңін шығарады. Нәтижесіз, түкке аспайтындай етіп тастайды. Фабриканың иесі де ондай фабриканы тас-талқан етіп бұзып тастайды.
Әй, Рисалә-и Нұр шәкірттері және Құран қызметшілері! Міне, сендер мен біз сондай бір кәміл адам атағына лайық мағынауи тұлғаның ағзаларымыз. Мәңгі өмірдегі мәңгі бақытқа дайындайтын фабриканың бөлшектеріміз. Мұхаммедтің (ғ.с.м) үмбетін амандық пен саулық жағалауы Дар-үс Саләмға шығарған Раббани кемеде жұмыс істейтін қызметшілерміз. Әлбетте төрт түлғадан мың бір жүз он бір мағынауи қуат шығаратын ыхластың сырын үйреніп, бір-бірімізбен бірлесуге, арқа сүйеуге мұқтаж әрі мәжбүрміз.
Иә, үш әліп бірлеспесе үш болады. Сандық сырымен бірлессе жүз он бір болады. Төрт төрт бөлек түрса он алты, ал достық сырымен, мақсат бірлігімен, атқарар міндет жағынан жоғарылап бір сызыққа келіп, иықтарын тіресе ол кезде төрт мың төрт жүз қырық төрт қуатында, шамасында болады.