Иә, мұндай қошаметтер, ықыласқа байланысты жасалады. Егер бұл ықыласты біле тура жойсаңдар, олардан шапалақ жейсіңдер. (Оныншы лемадағы майдай шапалақтарды еске алыңдар.) Мұндай мағынауи қаhармандарды арқа сүйер, әрі жетекші қылғыларың келсе сыры арқылы толық ықыласқа қол жеткізіңдер. Бауырларыңның жанын өзіңнің жаныңнан; абыройда болсын, мәртебеде болсын, қошаметке бөленуде болсын, тіпті заттай пайда сияқты жанға жайлы нәрселерде болсын жоғары ұстаңдар. Тіпті өте тамаша әсем иман ақиқатын басқа бір мұқтаж мү’минге үйрету; негізінде бейкүнә, зияны жоқ бір іс. Мүмкін болса, өзіңе тәкаппарлық ой келмеуі үшін ол істі ынтасы жоқ бауырыңның атқарғанын хош көріңдер. Егер ⌠Сауабын мен алайын, мына тамаша мәселені мен айтайын■ деген ойларың болса, негізінде оның бір зияны, бір күнәсі жоқ; бірақ араларыңдағы ықылас сырына зияны тиюі мүмкін.
ТӨРТІНШІ ДӘСТҮР: Бауырларыңның абыройын ізгі істерін өздеріңде көріп, адамгершілік қасиеттерін менің бойымда деп, олардың абыройымен шүкір ете мақтаныңдар. Әхл-и тасаууфтың арасында ⌠фена фи-ш шәйх■ деген қалыптасқан сөз бар. Мен сопы емеспін. Алайда олардың бұл дәстүрі біз үшін ⌠фена фи-ихуан■ түрінде болады. Бауырлар араларында бұған ⌠тәфәни■ деп атайды. Яғни бір-біріне келгенде фәни болу, яғни жеке басының қамын, нәпсісін ұмытып, бауырларының жақсы жақтарымен, олардың сезімдерімен ойша жасау. Онсызда жолымыздың негізі бауырмалдық болып табылады. Әке мен бала, шәйх пен мүрид арасындағы байланыс бізде жоқ. Керісінше нағыз бауырмалдық байланыстар. Көп болса араға ұстаздық кіреді. Үстаған жолымыз ⌠халилие■, яғни шынайы достық болғандықтан ⌠хиллет■ біздің әдетіміз.