Екіншісі: Нағыз иманның күшімен және соңында Аллаhқа апаратын қоршаған ортаға зер сала имани толғаныстан ұшқындаған сәуленің арқасында құзырға қолы жетіп, яғни Құдайдың алдындамын деп, оның әр жерде әзір әрі назарында екенін ойлап, одан басқасының қошаметін керектірмей оның алдында басқаға тілемсу, көмек сұрау манағы құзырда әдепсіздік екенін ескеріп, ондай екі жүзділіктен құтылып, ықыласқа қолы жетеді. Қойшы әйтеуір... Мұның көптеген мәртебелері бар. Әркім қабілетіне қарай неғұрлым түсінсе, соғұрлым пайда. Рисалә-и Нурда екі жүзділіктен құтқаратын, ықыласқа қол жеткізетін көптеген ақиқаттар баяндалғандықтан оған сілтеп, қазір қысқаша жазылды.
Ықыласты зақымдап екі жүзділікке итермелейтін көп себептер бар. Олардан екі-үшеуіне қысқаша түрде тоқталып өтейік.
Біріншісі: Материалдық пайда үшін туындаған бәсеке; біртіндеп ықыласты жояды. Сондай-ақ, қызметтің нәтижесін де зақымдайды. Оның үстіне әлгі материалдық пайдадан да құр алақан қалады.
Иә, бұл халбіқ, ақиқат пен ахирет жолында жүргендерге’*әрдайым құрмет көрсетіп, оларға жәрдем беріп отырған.