Әрқайсысы ине жасау өнерінде тек кішкене бір іспен айналысып, атқарған жұмыстары қарапайым болғандықтан уақытты босқа жібермей, манағы іске қолы үйреніп алып, істері оңға басқан екен, Сосын әлгі жумыс бөлісу, ұйымдасқан түрде болған өнерінің өнімін бөлсе, әрқайсына бұрын үш ине түсетін болса, енді әр қайсысына үш жүз ине түскенін көріпті. Бұл оқиға шеберлер арасында еңбекке ынталандыру үшін кең тараған.
Міне, әй достарым! Көріп отырғандай, дүниелік істерде, кәдімгі нәрселерде жасалған ұйымдастық; бірлестіктің нәтижесінде мұндай мол табысқа жеткізеді екен. Апырмай, ахиреттік әрі нурлы, бөлініп ыдырамайтын және Аллаhтың жарылқауымен әркімнің айнасына жаппай толық түсетін, сондай-ақ түскен табысты баршаға дәлме-дәл шағылыстыратын сауапқа ие болу, қаншалықты мол табыс екенін таразыға тартыңдар.-Мұндай үлкен табыстан бақталастық, ықылассыздықтың кесірінен мақұрым қалуға болмайды.
Ықыласты жоятын екінші себеп: Мансапқорлықтан туындайтын атақ құмарлық салдарынан және мақам, шен салдарынан көпшіліктің қошаметіне бөлену, баршаның назарын өзіне аудару арқылы көқілін жайлау; міне бұлар қауіпті рух науқастығы болып, сонымен қатар адамды ⌠ширк-і хафи■ деп аталатын екі жүзділікке, көкіректікке итермелейді.