Әй, бауырларым! Қасиетті Құранның қызметіндегі кәсібіміз ақиқат және бауырмалдық болғандықтан әрі бауырмалдық дегеніміз ⌠Менменшілдігіні бауырлар арасында пида етіп (сілтеме) олардың жандарын өз жанынан жоғары ұстау■ болғандықтан, арамызда осы сияқты мансапқорлықтан шығатын бәсеке болмауы тиіс.
Өйткені, кәсібімізге керағар. Бауырлардың абыройы жалпыға ортақ болып әр қайсысына тиесілі екен, олай болса әлгі мағынауи абыройды; жеке бастық, өзімшілдік, бәсеке сияқты нәрселер мен азғана абырой үшін пида ету, Рисалә-и Нұр шәкірттерінен әлдеқайда ұзақ деп білемін.
Иә, Рисалә-і Нұр шәкірттерінің жүрегі, ақылы, жаны; мұндай нашар, зиянды, жиіркенішті нәрселерге бас имейді. Алайда, әркімде де жүгенсіз нәпсі бар. Кейде нәпсілік сезім бойды билеп, жүрек, ақыл, рухтың атынан өзінің айтқанының бір шамасын істетеді. Сендердің жүрек, рух, ақылдарыңды кінәлап отырғаным жоқ, Рисалә-и Нурдан алған әсерлеріңе сенім артып отырмын. Алайда, кейде нәпсіні әуестік, сезім-ой алдатады. Сондықтан кейде қатаң сөгіс аласыңдар. Бұл қатаңдық нәпсі мен әуестік, сезім мен ойға қатысты... Абай бол ыидар!
-----------------------------------------------(сілтеме) Иә, бақытты жан кім десеңдер, Ол- Құранның кәусарынан сүзілген тәтті де үлкен әуізді иелену үшін, мұзкесек тәрізді өзімшілдік пен менмендігін әлгі мөлдр әуізге салып еріткен жан.