Қойшы әйтеуір... бұл мал-мүлікті ортақтастыру дәстүрі ахиреттік істерде болса, еш зияны жоқ, мол табысқа жетуге бірден бір себеп болады. Өйткені, мысалға төрт-бес адам ұйымдасып бірі жанар май, бірі пілте, бірі шам, бірі шыны, бірі сіріңке әкеліп шам жақса. Әр қайсысы толық бір шамға ие болады. Әрі қатысқандардың әр қайсысының дуалында үлкен бір айнасы болса; әр қайсысына әлгі шам нұқсан болмай толығымен бөлмемен бірге айнасына түсетін болады. Дәл сол сияқты; ахиреттік істерде ықыластың сырымен ұйымдасу, бауырластықтың сырымен бір-біріне арқа сүйеу, бірлестіктің сырымен жұмыстарды бөлісу; манағы уйымдасудың нәтижесінде пайда болған жалпыға ортақ, барлық нұр, әрқайсысының амал дәптеріне нұқсансыз түрде кіретіндігі ақиқатшылдар арасында кеңінен тараған оқиға, және Аллаhтың рахметі мен керемінің талабы.
Міне әй, бауырларым! Сендерді Қудай қаласа, материалдық пайда бәсекеге түсіре қоймас. Бірақ ахиреттік пайда тұрғысында кейбір тариқатшылардың алданғандары сияқты, сендердің де алдануларың мүмкін. Алайда жеке түрдегі, шағын сауап қайда, аталмыш мысалдағыдай мал-мүлікті ортақтастыру тұрғысында көрінген сауап пен нұрдың орны қайда?
Екінші мысал: Шеберлер, шыққан өнімдерін молайту мақсатымен өнер саласында уйымдасып, мол табысқа жетуде. Тіпті тігін ине жасайтын он адам, баста өз беттерімен еңбектенгенде, мундай еңбектің бір күндік өнімі үш-ақ ине болған. Содан, ұйымдасқан түрде он адам бірлік құрған. Бірі темір әкеліп, бірі от жағып, бірі темір қыздырып, біреуі басын сүйрілтіп деген сияқты...