деген аяттарынан сабақ алып, өздеріне тән сулүқ сапарларында рабыта-ы мәутті негіз алып отырған. Тул-ы әмелдің қайнар көзі мәңгі жасау ойын әлгі рабыта арқылы тұсаулап отырған. Олар өздерін өліміз деп, қиялдап, жаназамыз шығып жатыр, жуып жатыр деп елестетіп, ойлай-ойлай жүгенсіз нәпсіні әлгіндей ойдан ұзақтатып, тәтті қиялдан беті қайтып, бітпейтін жұмыстарды ойлаудан шамалы болса да баз кешеді. Бұл рабытаның пайдасы көп. Ол жәйінда хадис те бар. -сияқты- ⌠Яғни тәтті ойларды, ләззаттарды ащы қылатын өлімді көп ойлаңдар.■ Осылайша бұл рабытаны дәріс ретінде ұсынуда. Алайда, біздің кәсібіміз тариқат емес, ақиқат болғандықтан бұл рабытаны әхл-и тариқат сияқты қиялдап, елес құрып жатуға мәжбүр емеспіз. Сондай-ақ, ақиқат кәсібіне үйлеспейді. Нәтижені ойлау түрінде болашақты осы шаққа әкеліп емес, оның орнына ақиқатты көзқараспен осы шақтан болашаққа ойша барып, назар салу.
Иә, қиялдаудың, елес құрудың еш қандай қажеті жоқ. Әркім мына қысқа өмір ағашының басындағы жалғыз жеміс- өз жаназасына көз салсын. Осылайша өзінің жаназасын көретіні сияқты, шамалы ілгерілесе ғасырының өлімін, одан әрі кетсе дүниенің өліміне де куә болады. Осылайша нағыз ықыласқа жол ашылады.