ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | 33
(1-41)

Іс жүзінде де олардың ықыласты да адал еңбектеріне қолғабыс ретінде материалдық жағынан көмектесіп, босқа уақыты кетпесін деп садақа, сыйлық сияқты заттай жәрдем жасап отырған. Алайда бұл жәрдем, бул пайда сүралмайды, беріледі. Һәм іштей тіленіп, жәрдем сүрағандай хал көрсетіп тіленбеуі тиіс. Мүмкін, күтпеген жерден беріледі. Әйтпесе ықыласы зақымдалады.

Һәм аятынан қатаң сөгіс алып, істеген жақсылықтарының бір шамасы босқа күйіп кетеді. Міне, бұл материалдық пайданы тілеп, іштей күту, содан нәпсіге алданып, өзімшілдікке салынып әлгі пайданы басқаға беріп қоймау үшін нағыз бауырына, қызметтес жолдасына қарсы бақталастық сезімі оянады. Ықыласы зақымдалып қызметінің құты қашады. Әхли ақиқат алдында жағымсыз түрге енеді. Материалдық пайданы да көре алмайды. Қойшы әйтеуір... Бұл шұбар сөзді қысқартып, бауырларымның арасында ықылас сыры мен шынайы ауызбірлікті нығайта түсетін екі мысал айтып берейін.

Бірінші мысал: Әхли дүние байлыққа кенелу, қуаттану үшін тіпті кейбір саясатшылар мен әлеуметтік өмірде маңызды рол ойнайтын кісілер және ұйымдар, мал-мүлікті ортақтастыру дәстүрін өздеріне қағида жасаған. Барлық зиянды да орынсыз қолдануларына қарамастан, асқан күшке, мол пайдаға кенелуде. Алайда мал-мүлікті ортақтастырудың көптеген зияндары бар әрі ортақтасқанымен мәнісі өзгермейді. Әр қайсысы жалпы ортақ нәрсеге -негізінде бір жағынан қарағанда- иесі саналады, бірақ пайдалана алмайды.

Дыбыс жоқ