ҮШІНШІ ДӘСТҮР: Барлық күш қуат ықыласта және хақта деп біліңдер. Иә, қуат хақта әрі ықыласта. Тіпті әділетсіздердің өзідері әділетсіз істерінде ықыласты, шынайы болғандықтан қуат табады. Рас қуат хақта әрі ықыласта екеніне дәлел, мына қызметімізді айтуға болады. Ондағы сәл ықылас айтқанымызды қуаттап, өзіне-өзі дәлел болады. Қалай десеңдер, өз елімде және Стамбұлда жиырма жылдам астам атқарған ғылыми әрі діни қызметіме қарасам, бұл жерде сендермен бірге жеті-сегіз жыл ішінде көп істер атқарылғаны. Бір қызығы, өз елімде және Стамбұлда менімен бірге еңбек еткендердің саны сендерден жүз, тіпті мың есе көп болса да, бұл жерде жалғыз, кіріптар, кәріп, нысапсыздардың зомбылығын шегіп сегіз жыл бойы сендермен бірге атқарған қызметімді ескі қызметтен жүз есе тиімді қылған мағынауи қуат, сендердің ықыластарың екеніне шүбәм қалмады. Һәм мынаны да айта кетейін: Шынайы ықыластарыңмен мені де абырой мен даңққа құмар нәпсімді алдатқан көзбояушылықтан құтқарып қалдыңдар. Құдай қаласа, толық ыхласқа қолдарың жетіп, мені де сол жолғасаларсыңдар...
Білесіңдер, Хазіреті Али (Р.А.) өзінің мүғжизә тәрізді кәрамәтімен және Хазіреті Ғаус-ы Ағзам (К.С.) өзінің ғайып жәйіндағы таңғажайып кәрамәтімен сендерге деген ілтипаты мен қызғыштай қорғаштап, демеу беруі; осы ыхластық сырына байланысты. Олар атқарған қызметтеріңе дән риза болуда.