ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | 27
(1-41)

Сол сияқты нағыз ықыластың сырымен он алты жанкешті достардың шамасы мен мағынауи қуаты төрт мыңнан асып кеткеніне көптеген оқиғалар куәлік етеді.

Бул сырдың сыры мынау: Нағыз, шынайы бірлікте; әрбір дос, басқа достарының көздерімен көре алады, құлақтарымен де ести алады. Бейне бір он шынайы бірлескен адамдардың әр қайсысы; жиырма көзбен қарайды, он ақылмен ойлайды, жиырма құлақпен естиді, жиырма қолмен жұмыс істейді, осындай бір мағынауи қуаты мен құны бар. (сілтеме)

---------------------------------------------------------

(сілтеме) Рас, ықыластың сырымен шынайы бірлік, ұйымшылдық, қыруар пайда көзі. Сонымен қатар, қорқынышқа тіпті ажалға қарсы берік қорған, сүйенер ноқта. Өйткені өлім келсе, бір жанды алады. Нағыз бауырластық сырымен Аллаh ризалығы жолында, ахиретпен қатысты істерде бауырлары қанша болса сонша жаны болғандықтан; бірі өлсе, ⌠Басқа жандарым аман болсын... Өйткені олар, әрдайым маған сауап жаздырып мағынауи өмірімді жалғастырғандықтан мен өлмеймін■ деп, ажалын қуанышпен қарсы алады. Және ⌠Әлгі жандардың арқасында сауап жағынан өмір сүрудемін, тек күнә жағынан өліп барамын■ деп, рахат жан тапсырады.

Дыбыс жоқ