ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | 24
(1-41)

Ықыласта аталған қасиеттер бар екені әрі көптеген нұр мен мол қуат бар екені рас болса, сондай-ақ мына аласапыран заманда, қас дұшпандар қарсысында, бид’алар көбейіп, азғындық артқан кезде; біз өте аз әрі дәрменсіз де пақыр болсақ та өте ауыр әрі үлкен, жалпыға ортақ, қасиетті иман қызметі мен Құран қызметі; Аллаhтың жарылқауымен мойнымызға жүктеліп отыр. Әлбетте, бәрінен бурын жан-тәнімізбен ықыласқа қол жеткізуге мәжбүр әрі міндеттіміз. Сондай-ақ, ықыластың сырын бойымызға сіңіруге тым мұқтажбыз. Әйтпесе, осы кезге дейінгі атқарған киелі қызмет босқа кетіп, тоқырап қалады әрі жауапқа тартыламыз.

аятындағы Аллаhтың ызғар шашқан тыйымына нысана болып, мәңгі бақытымызды зақымдайтын мағынасыз, түкке турғысыз, зиянды әрі өкінішті өзімшілдік пен екі жүзділік сияқты жағымсыз сезімдерге, пайдакүнемдікке салынып ықыластан жұрдай болу арқылы; сондай-ақ, осы қызметтегі барлық достардың ақысын жеген болып, hәм Құран қызметіне тосқауыл, hәм иманның киелі ақиқаттарына құрметсіздік еткен болып шығамыз.

Әй, бауырларым! Маңызды да үлкен, қайырлы істердің тегеурінді тосқауылдары болады. Шәйтандар мұндай қызметтің адамдарын көп азғырады. Мұндай кедергілер мен шәйтандарға қарсы ықыластың қуатына сүйенген жөн. Ықыласты қашыратын себептерден; жыланнан, шаяннан қашқандай қашыңдар.

Дыбыс жоқ