Рас, егер кәсібіміз шәйхлік болғанда, мақам бір болар еді немесе белгілі мақамдар болар еді. Ондай мақамға көп жандар көзін тігер еді. Қызғану сияқты менменшілдік болуы мүмкін еді. Бірақ, біздің кәсібіміз бауырмалдық болып табылады. Бауыр бауырға әке бола алмайды... тәрбиеші де бола алмайды. Бауырмалдықта жер көп. Қызғана ренжісудің реті жоқ. Көп болса бауыр бауырына жәрдемші әрі арқа сүйер болады; қызметін толықтырады. Әкелік, жол көрсетушілік сияқты кәсіптердегі көре алмаушылық пен сауапқа ынтықтық, аса қамқоршы болу; міне бұлар нәтижеде көп зиянға ұшырататынына дәлел. Айта кететін болсақ, тариқатшылардың орасан зор жетістіктері, табыстары бола тура жік-жік болу, бәсекелесу салдарынан олардың әлгі орасан зор, киелі қуаттары мына бид’а дауылдарына төтеп бере алмауда.
ҮШІНШІ СЕБЕП: Қорқақтық пен ашкөздік. Бұл тосқауыл басқа да тосқауылдармен бірге ⌠Хутууат-ы ситте■ атты еңбегімде толық баяндалғандықтан оған сілтеп, Жәнаб-ы Әрхамүррахиминнен оның барлық әсем есімдерін шапағатшы жасап, былай деп жалбарыналық: ⌠Толық ықыласқа қол жеткіз! Амин!