Діни және ахиреттік жұмыстарда бәсеке мен қызғаныш болмауы керек. Қызғаныш, қасындағыларды көре алмаушылыққа әкеліп соқтырады.
Бір затқа көп қолдардың созылуы, бір мақамға көп көздердің тігілуі, бір нанды көп ауыздардың жегісі келуі, бәсеке мен қақтығысқа, қызғаншақтыққа әкеліп соғады.
Дүние, тар және өткінші болғандықтан, адамдардың сансыз тілектерін қанағаттандыра алмайды. Сондықтан да арзан, құнсыз заттарға көптеген адамдар талапкер болып, бәсекеге түсуде. Бірақ, ахиретте бір адамға ана басы мен мына шеті бес жүз жылдық (сілтеме) ұзақтықта болған жәннәт сыйға тартылып, жетпіс мың сарайлар мен хурилер берілетіндігінен, жәннәттағылар өз жағдайларына риза болатындықтан, бәсекелесетін еш нәрсе жоқ, бәсеке де болмайды.
Жауап: Мына дүниеде, әр адамның өзіндік өткінші дүниесі бар. Сол дүниенің тірегі оның өмірі. Ішкі-сыртқы сезімдерімен әлгі өзіндік дүниеден пайдаланады. Күн менің шамым. Жұлдыздар менің шырақтарым дейді. Басқа жан-жануарлардың қатысы оның иелігіне бөгет болмағаны сияқты, қайта оның өзіндік дүниесін байыта әшекейлеп, құлпырта түседі.
-----------------------------------------------(сілтеме) Көрнекті бір тұлға тарапынан қойылған маңызды бір сұрақ: Жәннәтта, бір адамға бес жүз жылдық жәннәт берілетіндігі сөйленуде. Бұл ақиқатты қалай түсінуге болады?