Фурқан (Құран) әдебімен әдептеніңіздер!
Сыртқы жаудың шабуылында, ішкі алауыздықты тастап, хақ жолдағыларды (мұсылмандарды) үні шықпас қорлықтан құтқаруды, ең бірінші және ең маңызды ухреуи міндетіңіз етіп, жүздеген аяттар мен хадистерде әмір етілген бауырлық махаббатпен жәрдемдесіп, барлық сезімдеріңізбен, дүниені ғана ойлаушылардан да қаттырақ бір суретте діндастарыңызбен бірлік жасаңыздар.
Яғни, ауызбірлікті жоғалтпаңыздар!
└Осындай түкке тұрғысыз нәрселерге қымбат уақытымды жоғалтқанша, алтын уақытымды зікір секілді қымбат істерге жұмсаймын■-деп, ауызбіршілікті әлсіретпеңіздер!
Себебі: Мына мағнеуи пікір жиhады заманында, болмашы деп ойлағаныңыз, үлкен мәселе де болуы мүмкін.
Бір жауынгердің, ауыр шарттар астындағы бір сағаттық күзеті; кейде, бір жылдық гибадет есебіне кіреді. Сол секілді, хақ жолдағылардың артта қалып, жеңіліс тауып отырған заманында, мағнеуи пікір жиhадында аз бір іске жұмсалған бір күндік уақыт, әлгі жауынгердің бір сағаты секілді, мың есе көбейіп, бір күніңіз мың күн есебін кіруі мүмкін.
Аллаh үшін болғандықтан, бұл мәселелердің үлкен кішілігіне қарамаңыздар.
Аллаh рызасы үшін, ықыласпен жасалғандықтан түйірдей нәрсе жұлдыздай болады. Істің бағасына емес, нәтижесіне қараңыз. Нәтижесі, Аллаh рызасы үшін, іргетасы ықылас болғандықтан ол мәселе кіші нәрсе емес.