Сол сияқты: Бірақ одан мың есе жоғары, әр бір мү’мин үшін берілетін мыңдаған сарайлар мен хурилерден басқа, ортақ жәннәттан ана басы мен мына басы бес жүз жылдық жеке жәннәті бар. Дәрежесіне қарай берілген сезімдердің дамуына тәуелді түрде, жәннәтқа және мәңгілікке лайық бір суретте пайдалана алады. Басқалардың болуы оның иелігіне, пайдалануына нұқсан келтірмейді, қайта қуат бере түседі. Жеке өзіндік әрі кең жәннәтін құлпыртып тұрады.
Рас, бұл дүниеде бір адам, бір сағаттық баудан және бір күндік бір саяжайдан және бр айлық бір елден, әрі бір жылдық бір көрмедегі саяхаттан; аузымен, көзімен, құлағымен, зауқымен, тілімен, басқа да сезімдерімен пайдаланғаны сияқты. Алайда бір сағаттық бір баудан әрең пайдаланатын мына фәни дүниедегі тіл мен мұрын, әлгі мәңгі дүниеде бір жылдық баудан дәл сондай пайдаланады. Бул өмірде бір жылдық көрмеден әрең пайдаланған көз бен құлақ, ол жерде бес жүз жылдық көрмедегі саяхаттан; әлгі ұшан-теңіз, бастан-аяқ әсем дүниеге лайық түрде пайдаланады. Әр мүмин шамасына және дүниеде жинаған сауаптарына, игіліктеріне қарай дамып жетілген сезімдерімен зауық алып, рахатқа батады, пайдасына жаратады.
Олай болса; ахиретке қатысты салих амалдарда да бәсеке болуы мүмкін емес; қызғанатын жер емес. Қызғанған адам, я екі жүзді; салих амал деп дүниелік пайдалар көздеуде, я болмаса барып тұрған қараңғы, салих амал не үшін жасалатынын білмейтіқәрі салих амалдардың рухы, негізі ықылас екендігін білмейтін біреу.