ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | 9
(1-41)

Жетіншісі: Нәпсісі мен менмендігін тәрк ету;

Сегізіншісі: Бұрыс түсінген ар-намысын тәрк ету;

Тоғызыншысы: Болмашы бәсекелесуді тәрк ету; Міне осылар арқылы ықыласқа қол жеткізеді, міндетін толық атқарады. (сілтеме)

ҮШІНШІ СЕБЕП: Хақ жолындағылардық алауыздығы қайратсыздығынан емес, сондай-ақ хақ жолдан тайған азғындардың ауызбіршілігі асқан қайраттылығымен емес. Хақ жолындағылардың алауыздығы, асқан қайрат-жігерлерін бұрыс пайдаланудан және азғындардың ауызбіршілігі жігерсіздіктен шыққан әлсіздік пен бейшаралығындан.

--------------------------------------------------------------

(сілтеме)Тіпті қуатты хадис бойынша, ақырзаманда христиандардың хақиқи діндарлары Құран жолындағылармен бірігіп, ортақ дұшпандары болған дінсіздікке қарсы күресетіні секілді, осы заманда да діндарлар мен ақиқатшылар діндестері, әріптестері, бауырларымен шын көңілімен бірігіп қана қоймайды, тіпті христиандардың хақиқи діндар дінбасыларымен де араздыққа себеп нүктелерді уақытша айтыс-тартысқа себеп қылмай, ортақ дұшпандары болған зобалаң дінсіздерге қарсы бргуге мұқтаж.

Дыбыс жоқ