ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | ЫҚЫЛАС РИСАЛЕЛЕРИ | 10
(1-41)

Хақ жолындағыларды жігерлерін теріс пайдалануға одан алауыздыққа және бәсекеге түсірген, ахирет тұрғысында сүйкімді жағымды іс деп есептелген сауапқа деген құштарлық пен ахиреттік міндетте қанағаттанбаушылықтың салдарынан болып отыр. Яғни, ⌠мына сауапты іске мен ие болайын, бұл адамдарды мен жолға салайын, менің айтқанымды тыңдасындар,■ деп алдындағы нағыз бауыры әрі шынымен-ақ сүйіспеншілік пен сүйенішіне, бауырластық пен жәрдеміне мұқтаж бір кісіге қарсы бәсекелес адамдай шеп алады. ⌠Шәкірттерім неге оның қасына барады? Неге оның шәкірттеріндей шәкірттерім жоқ?■- деп, менмендік сезім осы арадан пұрсат тауып, нашар бір мінез болған мақам-мансапқұмарлыққа салынып, ықыласты жояды, көзбояушылық қаупі төнеді.

Міне, бул қателік пен жараның сондай-ақ, ауыр рухани науқастың емі: ⌠Аллаhу Тағаланың ризашылығына шын ықылас қана бөлейді. Ізінен ергендердің көптігі және зор табыстарға жету арқылы емес.■ Өйткені, олар Иләhи іс болып табылатындықтан сұралмайды, беріледі.

Иә, кейде бір ауыз сөз азаттыққа жеткізіп, ризашылыққа бөленуіне себеп болады. Көпшіліктің ролі әлгіндей назарға алынбағаны жөн. Өйткені кейде бір ғана адамның хақ жолға келуі мың адамның хақ жолға келуінен артық болып, Аллаhтың ризашылығына бөленуге басты себеп болады. Һәм ыхлас дегеніміз шындыққа жаны құмарлық. Мұсылмандардың қайдан болсын, кімнен болсын мағынауи пайда көруін мақұл көріп, тараптар болу. Әйтпесе,■ Менен дәріс алсын, мен сауап алайын■ деу, менмендік пен нәпсінің бір қулығы.

Дыбыс жоқ