Бұл рухани рецепт басқа шығармаларға қарағанда әлдеқайда тез жазылды. (сiлтеме) Әpi көңiл бөлiп тексерiп отыруға және қателерiн түзеуге уақыт таба алмадық. Бiр-ақ рет көз жүгiртiп шықтық, ол да жазылғаны сияқты өте жылдам болды. Демек алғашында қалай жазылса, шимай, әрi ретсiз қалпында қалған. Жүрегiме боямасыз, әрi табиғи аян болғандықтан көңiл аударып қайта түзетудi жөн көрмедiк. Оқыған жандар, әсiресе науқасты адамдар кейбiр жағымсыз сөздерден көңiлдерi жабырқамасын. Ауыр, зiлдi сөздерге қапа болып ренжiмесiн.
Маған да дұға жасауларын өтiнемiн.
Растаймыз: Pүшту, Pефет, Хусpев, Саид.
Бұл лемада1 жалпы халықтың оннан бiрiн құрайтын науқастар мен бақытсыздыққа ұшыраған соpлылаpға шын мәнiнде жұбаныш, әрi өте пайдалы ем-шипа бола алатын “жиырма бес дауаны” қысқаша баяндаймыз.
-------------------------------------(сiлтеме) - Бұл кiтапша төрт жарым сағат iшiнде жазылып бiттi.