О, шарасыз науқас бауырым!
Уайымдап қам жеме, қайта сабырлы бол. Саған берiлген ауру дерт емес, қайта шипаның бiр түрi болар. Өйткенi өмiр кетiп бара жатқан үлкен бiр қазынаға ұқсайды. Егер жемiсi болмаса зая кетедi. Әрi жан рақатын ойлап ғафлетпен2 өткiзсе, тым шапшаң кетiп баpады. Ауру болса сенiң бол қазынаңды үлкен байлыққа толтырып, жемiстi етедi. Жемiстерiн берiп тастап кеткенге дейiн өмiрдiң зымырап өте шығуына жол бермейдi, тосқауыл қойып ұзарта түседi... Мiне, сондықтан өмiрдiң ауру арқылы ұзақ болуына ишарат ретiнде “ауыр әрi қиын күндер өте ұзақ, ал мұңсыз көңiлдi күндер өте қысқа” - деген сөз халық iшiнде мақал боп тараған.
Әй, сабырсыз науқас бауырым!
Қайратыңды жи, сабырлы бол, тiптi шүкiр ет. Сенiң бұл ауруың өмiрiңнiң әр минутын бiр сағаттық ғибадатқа пара-пар етуi мүмкiн. Өйткенi ғибадаттың екi түрi бар.
Бiрiншiсi намаз, дұға сияқты белгiлi, әрi тұрақты ғибадаттар.