Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 17
(1-72)

Себептер жиналып нәтижені жасамайды, қайта хәлін білдіре отырып нәтижені Аллаhтан тілеу үшін оны риза қылатын күйге енеді. Тіпті егін егудің өзі мейірімділік қазынасына өтініш жасау. Мұндай іс-әрекетпен жасалған дұға, Жәууад-ы Мутлақтың есім мен атағына бағышталғандықтан басым көпшілігі қабыл болады.

Екінші түрі: жүрек пен тіл арқылы жасалатын дұға. Кейбір қол жетпеген талаптарын айту. Бұл дұғаның маңыздылығы, таптырмайтын мақсаты мен балдай тәтті жемісі мынадай: дұға жасап, тіленуші адам, өзін тыңдайтын біреу бар екенін, ол мұның жүрегінің түкпіріндегіні естіп бәріне шамасы жететінін, барлық талап-тілектерін орындай алатынын, бейшаралығына жаны ашып медет беретінін түсінеді.

Тыңда, әй әлсіз, бейшара адам және пақыр адамзат! Мейірімділік қазынасының кілті мен таусылмас қуат қайнағы болып табылатын дұғаны уысыңнан шығарма. Дұға арқылы адамгершіліктің ең жоғары мәртебесіне шық. Сұлтан атан да бүкіл әлемнің дұғасын өзіңнің дұғаңа қос. Құлдардың ең абыройлысы атанып, баршаның өкілі сияқты

деп айт. Сөйтіп, бүкіл әлемге тамаша өнеге бол!..

Дыбыс жоқ