Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 16
(1-72)

Сонымен күллі аяттардың баяндамасынан шығатын қорытынды мынау: жаратылыс атаулының өзіне тән тәсбихтері, құлшылықтары, өздеріне тән жасайтын сәжделері бар. Міне, бұлар олардың Аллаhқа деген дұғалары. Дұғалардың да түрлері бар. Бірі, бейімділік тілімен (өсімдіктер атаулы мен жануарлардың дұғалары сияқты, олар әрқайсысы бейімділігіне қарай Фәияз-ы Мутлақтан тур талап етеді. Аллаhтың есімдеріне бөленуді қалайды), бірі, мұқтаждықтілімен (жан-жануарлардың шамалары жетпейтін қажет-тілектеріне қол жеткізу үшін, мәжбүр болып жасаған дұғалары. Әрқайсысы бойындағы мұқтаждық тілімен Жәууад-ы Мутлақтан тіршілік етулері үшін азық секілді кейбір қажеттіліктерін талап етеді), бірі, шарасыздық тілімен дұға (қиын-қыстауда әрбір мақұлық, сиынудан басқа шарасы қалмағандағы дұғасы. Әйтеуір бір қамқоршыға жалбарынады яғни Рабб-ы Рахимін іздейді). Жоғарыда аталған үш түрлі дұға, қандайда бір - кедергі болмаса - әрқашан қабыл болады.

Тағы бір дұғаның түрі - кәдуілгі біздің дұғамыз. Бұл дұға да екі түрге бөлінеді.

Біріншісі: іс-қимыл, хәл-жағдай арқылы.

Екіншісі: жүрек (көңіл) пен тіл арқылы.

Мәселен, себептерге ұмтылу іс-қимыл арқылы жасалатын дұға.

Дыбыс жоқ