Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 13
(1-72)

Дұға дегеніміз құлшылықтың негізі. Мәселен: сәби өзінің қолы жетпеген нәрсесін алу үшін жылайды, я сұрайды, яғни іс-әрекетімен немесе тілімен әлсіздігін білдіріп дұға етеді. Осылайша көздеген мақсатына жетеді. Сол сияқты адам, бүкіл жануарлардың ішінде бейне бір нәзік, ерке сәби секілді. Ол, Рахманүр-рахимнің алдында өзінің әлсіз, бейшаралығымен жылауы немесе пақырлығымен, мұқтаждығымен дұға етуі тиіс. Оның бұлай дұға етуі, мақсатына жеткізеді немесе жасаған қамқорлыққа алғысын білдірген болып есептеледі. Әйтпесе кішкентай шыбыннан зәресі қалмайтын жылауық, ақымақ әрі тентек баладай: "Мен өз күшіммен, менен мың есе күшті, таңғажайып алып нәрселерді бағындырып отырмын. Сана-сезіміммен көзін тауып, бас идіріп отырмын", - деп, рақымдылықты жоққа шығару, адамгершілікке қайшы келетіні сияқты өзін ауыр жазаға лайық етеді.

Бесінші нүкте:

Иман дұғаны нақты міндет ретінде қажет ететіні және адамның жаратылысы оған мұқтаж болғаны сияқты, тіпті Жәнаб-ы Хақтың өзі "Дұғаңыз болмаса қандай қадірлерің бар"

деп бұйырады. Әрі оның

деген әмірі тағы бар.

Дыбыс жоқ