Иә, адамзат иман арқылы адамзат атанғанын, адам мен хайуанның дүниеге келуіндегі айырмашылықтар көрсетіп отыр. Өйткені, хайуан дүниеге келген сәтте, бейне бір басқа әлемде жетілгендей бейімділігіне қарай кемелден түрде келеді, яғни жіберіледі. Екі сағатта, екі күнде немесе екі айда тіршілік заңдарын және қоршаған ортамен болатын қатынасын, өмір шарттарын түгелімен әп-сәтте үйреніп алады да іскер болып шыға келеді. Адамның жиырма жылда қолы жетпейтін табысы мен іскерлігін, торғай мен ара сияқты мақұлықтар жиырма күнде үйреніп алады, яғни оларға үйретіледі. Демек жануарлардың асыл міндеті, іздене отырып даму емес әрі білім жинай отырып жетілу емес, бейшаралығын көрсетіп көмек сұрау, дұға ету емес. Олардың негізгі міндеті; бейімділігіне қарай тіршілік ету мен амал жасау, іс-әрекеттері арқылы құлшылық ету болып табылады.
Адам болса дүниеге келгенде әр нәрсені үйренуге мұқтаж, өмір шарттарынан бейхабар тіпті жиырма жасына дейін оны толық үйрене алмайды. Керек десеңіз өмірінің соңына дейін үйренуге мұқтаж, hәм тым әлсіз, бейшара түрде дүниеге жіберіледі. Бір-екі жылда әзер дегенде аяғын басады.