Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 9
(1-72)

Бірақ мұны дұрыс түсін. Тәуекел дегеніміз шарттарды жаппай жоққа шығару емес. Қайта оларды құдіреттің перделері деп танып, ал шарттарын орындау болса іс-қимылмен жасалатын дұға деп, нәтижелерді тек Құдайдан тілеу және табысқа жеткізген Сол деп алғысын білдіріп, Оған қарыздар болу.

Тәуекел етіп, етпегендердің теңеулерін бір хикая арқылы баяндап берейін.

Бір күні екі адам арқаларына hәм бастарына ауыр жүктер артып, үлкен кемеге мінеді. Біреуі кемеге кірер-кірмес жүгін жерге қойып, үстіне отыра кетеді. Айналаны тамашалап көңілі жәй. Серігі болса ақымақ әрі тәкәббар болғандықтан керек жүгін жерге қоймай арқалап тұрды. Серігі оған:

- Жүгің ауыр ғой, кемеге қойып дем алсаңшы! - деп еді, ол:

- Жоқ болмайды. Мұны көтере алмайтындай маған не болыпты, тәйірі. Әрі жоғалып кетсе қайтемін, - деп жауап берді. Оған жаны ашығандар тағы да: "Бәрімізді көтеріп тұрған патшаның мына кемесі өте қуатты да сенімді әрі жақсы сақтайды. Бүйте берсең басың айналып, жүгіңмен бірге теңізге құлап кетесің.

Уақыт өткенсайын әлсіреп, мына бүкірейген белің мен ақымақ басың ауыр жүкке шыдай алмайды.

Дыбыс жоқ