Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 12
(1-72)

Он бес жасқа келгенде оң мен солын танып, өмір сүрген ортасының ықпалымен жақсы мен жаманды айыратын болады. Демек, адамның о бастағы міндеті талпыну мен жетілу және дұға мен құлшылық болып табылады. Яғни, "Кім екен маған жанашырлық жасап, хикметті түрде басқарып отырған? Қайырымы мол, нәзіктүрдеазықтандырушы, иелікетіп тәрбиелеуші кім болды екен?" деп ойлану, білу. Мыңнан біріне қолы жетпейтін қажеттіліктермен қамтамасыз етіп отырған Қади-үл-Хажатқа өзінің әлсіздігімен, бейшаралығымен жалбарыну, өтіну және дұға ету, яғни әлсіздік пен бейшаралықты қанат жасап құлдықтың ең жоғарғы сатысына самғау болып табылады.

Демек, адам бұл әлемге білім жене дұға арқылы дамып жетілу үшін келген. Әр нәрсе мәнісі мен бейімділігі жағынан ғылымға тәуелді. Ал нағыз ғылымдардың негізі мен қайнағы, нұры мен рухы - Марифетуллаh, ал оның ірге тасы Иман-ы Биллаh.

Сондай-ақ, адам баласы тым әлсіз, оның үстіне басына үйілген бәлелері, көптеген дұшпандары бар, олардан әрдайым соққы жейді. Өзі тым бейшара, кіріптар, шексіз талап-тілектері бар. Сондықтан болғандықтан, жаратылысынан атқаруға міндетті жұмысы - иманнан кейін келетін дұға болып табылады.

Дыбыс жоқ