Дауыл мен зілзәлә, топан сияқты қүбылыстарды сенімді қызметшілер деп біледі. Көктемнің дауылы мен селдей жауатын жаңбыры сырттай жағымсыз, өңі суық көрінгенмен, ал шындығында өте нәзік әрі хикметтолы екенін сезеді. Тіпті ажалды, мәңгі өмірдіңкіріспесі, ал қабірді болса мәңгі бақыттылықтың баспалдағы деп біледі. Қалған жақтарын өзіңсалыстырып, ақиқатты мысалға теңе.
Үшінші нүкте:
Иман - нұр әрі қуат. Иә, ақиқи иманға қолы жеткен адам, бүкіл әлемге атой сала алады. Иманның қуаттылығына қарай құбылыстардың қыспақтарына төтеп береді. Ісін бір Аллаhқа тапсырып тәуекелге бел буады. Зор сенімімен өмір кемесіне мініп тасқынды толқындарға қарсы жүзіп сайран құрады. Барлық ауыртпалықты Қадир-ы Мутлақтың құдіретіне жүктеп дүниеде рахат өмір сүреді де берзахта тынығып алады. Содан соң мәңгі бақыт жері, жәннәтқа самғайды. Егер тәуекел етпей қасарысса, дүниенің ауыртпалықтары оның самғауы былай тұрсын керісінше тозақтың түбіне батырып жібереді. Демек иманға тәухид, тәухидқа тәслім, тәслімге тәуекел керекті, тәуекел болса, нәтижеде екі дүниенің бақытына бөлейді.