деген аятының бір ғана сырына қатысты тәмсіл көрген болатынмын, сол тәмсілді баяндап берейін. Қияли уақиға былай болатын: Бір-біріне қарама қарсы екі тау тұр екен деймін. Үстіне қорқынышты көпір тартылған. Көпірдің асты терең құз. Үстінде мен тұрмын. Дүниені қараңғылықбасқан, айнала тас-түнек. Оң жаққа қарап едім, қою қараңғылықта үлкен мазар көрінді яғни елестеттім. Сол жаққа қарап едім, тас түнек, алай-түлей дауыл соғып тұр. Сәлден соң апат болатындай көрінді. Еңкейіп төмен қарап едім, шыңырау құз көрінгендей болды. Мына қорқынышты қараңғыда пайдаланатын қалта фонарым бар болатын. Соны пайдаланып көмескі, әлсіз жарығымен айналама қарадым. Жағдай өте сесті. Тіпті алдымдағы көпірдің басында және айналасында айдаhарлар, айбарлы арыстандар сияқты жыртқыш аңдарды көріп: "Шіркін фонарым болмағанда ғой, мына қорқынышты күйлерді көрмеген болар едім!" деп іштей қынжылдым. Фонарымды қай жаққа бұрсам да алдымнан үрейлі көріністер шыға берді. "Қап, мына фонар басыма бәле болды!"деп фонарға ашуландым. Болмаған соң қалта фонарымды жерге бір ұрып сындырдым. Сол-ақ екен құдды оның сынуы дүниені жарық қылатын алып электр шамының қосқышына тиіп кеткендей, қараңғы түнексейіліп қоя берді.