Мінекей адам, Жәнаб-ы Хақтың таңғажайып туындысы әрі өзі тым нәзік hәм құдіретінің мүғжизесі. Аллаhу Тағала адамды өзінің әсем есімдеріне бөлеп, нақыштарымен әшекейлеп, бүкіл әлемнің кішкене өрнегі ретінде жаратқан.
Егер оған иман нұры ұяласа, бойындағы терең мағыналы барлық нақыштар сол нұр арқылы оқылады. Оларды мүтминнің өзі де сана-сезімімен оқиды. Әрі сол нұр арқылы басқаларға да оқытады. Яғни "Мен Сани-ы Зүлжәләлдің туындысымын, мақұлығымын. Оның рақымы мен мейіріміне бөлендім" деген сияқты тұжырымдармен бойындағы Аллаhтыңшеберлігін көрсетеді. Демек Саниымен байланыстырып тұратын иман адамның бойындағы күллі шеберлікті жарыққа шығарады. Адамның құны Раббысының шеберлігімен бірге әрі Самәдани айна болуы жағынан бағаланатын болады. Сөйтіп мына елеусіз адам, әлгі байланыстың арқасында бүкіл мақұлықтардан жоғары мәртебеге шығып, Аллаhтың тыңдаушысы әрі жәннәтқа лайық Раббани қонақ болады.