Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 32
(1-72)

- Олай болса үштен бірін, - деді. Бұған да нәпсім көнбей қойды. Содан әлгі адам:

- Ендеше, төрттен бірін, - деп еді, нәпсім ескі әдетіне салып, қиқарлығын қоймады. Әлгі адамды ашу кернеп, сырт айналды. Кенет көрініс өзгеріп қоя берді. Мен бейбақ, туннель ішінде зымырай ұшқан отарбада екенмін. Мазасызданып, қобалжи бастадым. Бірақ амал нешік, қашатын жер жоқ. Таң қалатын жәйт, отарбаның әйнектерінен көздің жауын алатын әсем гүлдер мен жайқалған жеміс-жидектер көрінеді. Мен болсам ақылы таяз, оспадарсыздар сияқты көзім қызығып, қолымды созамын. Гүлдерді алғым келіп, әрі жемістен жегім келіп, тырысып бақтым. Бірақ, олардың инедей тікендері, ұстаған кезде қолыма кіріп қанатып жатты. Ұстаған сәтте отарба жылжып кетеді де, қолымды қопарып кетеді. Бұлай істеу мен үшін қымбатқа түсті. Содан отарбаның жол серігі жаныма жетіп келіп:

- Егер бес тиын берсең, әлгі гүлдер мен жемістерден қалағаныңша алып берейін. Бәрібір бес тиын орнына жүз тиындық зардап шегіп жатырсың. Оның үстіне рұқсатсыз қол сұққаның үшін жазаға тартыласың, - деді. Мазам қашып мына көңілсіз күйден жалық-қандай, туннелден қашан шығамыз деп, әйнектен басымды шығарып едім; 0, Тоба! Туннелдің шығар аузы жоқ. Ауыз орнына көптеген саңылаулар көрдім. Шұбатылған мына отарбадан сол саңылауларға адамдар секіріп жатыр. Менің де қарсы алдымда саңылау көрінді.

Дыбыс жоқ