Саңылаудың екі жағына екі көк тас қойылған екен. Қызыға қарап едім, үлкен әріптермен жазылған "Саид" деген жазуды көрдім. Өкіне әрі таңдана "Қап әттеген-ай", - дедім. Бірден құлағыма манағы қонақжайда маған насихат айтқан адамның даусы естілді.
- Есің кірген болар?
- Иә, бірақ әлім бітті, амалым жоқ, - дедім.
- Тәубаға кел, тәуеккелге бел бу! - деді.
- Әстәғфируллаh, нартәуекел!
Есімді жинадым... Енді мен ескі Саид емес, жаңа Саид екенмін.
Міне, осы қияли оқиғаның кейбір жерлерін жорып берейін. Құдай қайырын берсін. Қалғандарын өзің жорып аларсың.
Анау ұзақ сапар болса рухтар әлемінен басталып, одан ана қарнына, жастық шаққа, одан қарттық шаққа, қабірге, берзахқа, хаширға, одан қыл көпір арқылы мәңгілік әлеміне аттанатын сапар.
Алпыс алтын алпыс жыл өмір, осы оқиғаға куә болған кездері қателеспесем жасым қырық бесте болатын. Өмір сүретініме кепілдік жоқ. Сонда да болса қалған он бес жыл өмірімнің жартысын ахирет жолына арнауыма Құранның үздік бір тәләбасы себепші болып жөнге салды.
Әлгі қонақжай болса мен үшін Стамбул шәhары.