Басқа жерде баяндалған адамгершіліктің міндеті мен құлдықтың негіздерін қысқаша баяндаудың осы жерде реті келіп отыр. Ондағы мақсатымыз "Ахсән-і тақуимнің" сырын ашу.
Міне, адам бұл дүниеге келген соң, оның екі жақты құлдығы бар.
Бірі; іштей құлдықұру, толғану.
Екіншісі; ашықтүрде, үндеутүрінде құлдық ұру, мінәжат.
Бірінші жағы мынау; Бүкіл әлемді басқарған Рубубиеттің салтанатын бас ие мақұлдап, оның керемет әсемдігі мен тамашалығын таңдана бақылау.
Сосын, Аллаhтың қасиетті есімдерінің нақыштары болып табылатын көркем өнерді бір-біріне ғибрет алсын деп көрсетіп, жар салу мен шақырушы болу.
Сосын, әрқайсысы құпия мағынауи құпия қазына тәріздес Раббани есімдердің жауhарларын санасымен сараптап, көңіліне тоқып қастерлеу.
Сосын, Құдірет қаламымен жазылған хат тәріздес жаратылыстың парақтары мен жер мен көктің беттерін талдай отырып қайран қала толғану.