Жиырма үшінші Сөз | Жиырма үшінші Сөз | 62
(1-72)

Бәрінен бұрын иманның шарттарымен шұғылдану аса қажеттіліктен, ауадай керектіліктен, тіпті мәжбүрліктен туып отыр. Мұндай жағдай Түркияда ғана емес күллі Ислам әлемінде осылай.

Иә, ірге тасы жарылып тұрған үйдің бөлмелерін жөндеу, әшекейлеу жұмыстары оның құламауы үшін септесер ме екен? Тамыры шіріген ағашты қуратпау үшін бұтақтары мен жапырақтарын дәрілеп, шара қолдану оның өмірін ұзартар ма? Адам бейне бір құрылыс тәрізді. Оның ірге тастары - иманның шарттары. Адам әлгіндегі ағаш сияқты, оныңтамыры иманның негіздері. Иман шарттарының ең маңыздысы - Иман-ы Биллаh, яғни Аллаhқа сенім. Пайғамбарлық және хашир одан соң келеді. Сондықтан адамның ең бірінші үйренетін ілімі - иман ілімі. Ілімдердің негізі де әрі ілімніңтәжі де - иман.

Иман дегеніміз тек жинақталған түрде Аллаhты мойындаумен бітпейді. Иманның көптеген мәртебелері бар. Жасанды да жаттанды иман әсіресе, мына адасуы көп алай-түлей заманда тым әлсіз, тез өшіп қалады. Нағыз иман болса сарқылмайтын да таусылмайтын қуат. Нағыз иманға қолы жеткен адамның иманы мен діні, құдайдан безгендердің қорқынышты зомбылықтарына тап болса да аман қалады.

Дыбыс жоқ