Үшіншіден: Тәфсирші Аллаhтың ризашылығынан басқа өзге ешнәрсені, яғни материалдық болсын, рухани болсын көздемеуі, әрі мүндай шынайы қасиеттерге ие екенін өткен өмір куә болуы керек. Міне, бұл Құран тәфсирінің толық ықыласпен жазылғанын дәлелдейді.
Төртіншіден: Қасиетті Құранның ең үлкен мүғжизелерінен бірі тозбай, ескірмей өзінің уылжыған жастығын сақтап қалуы. Осы ғасырда түскендей әр ғасырдың ықтияжын қамтамасыз етуі.
Міне, осы ғасырда бізге жеткізілген тәфсирде Құран-ы Хакимның заманымызға сай жүзі ашылып, қарапайым халықтан бастап оқымысты жандарға дейінгі барлық адамдардың пайдасына жарайтындай түрде анықталып, дәлелденуі.
Бесіншіден: Тәфсиршінің Құран және иман ақиқаттарын нақты дәлелдермен, айғақтармен дәлелдей отырып үйретуі, яғни позитивизмді негіз ретінде қолдануы.
Алтыншыдан: Үйретілген Құран ақиқаттарының адамның ақылын, жүрегін, рухы мен ар-ожданын нұрға бөлеп, қанағаттандырып, нәпсіні тізгіндеуі, тіпті шайтанның өзін қыбыр еткізбейтіндей қуатты әрі шешен, алмастай өткір жанға әсерлі болуы.