Жетіншіден: Адамды ақиқаттарды түсінуге кедергі болатын менмендік, көкіректік, шірену мен тәкәббарлық сияқты нашар ахлақтардан сақтап, кішіпейіл, ақ көңіл сияқты асыл да жағымды ахлақтарға ие қылуы.
Сегізіншіден: Құран-ы Кәрімге тәфсир жасаған ғұламаның Расул-ы Әкрәм ғалейhис-салату уәссаламның сүннетін барлық мүмкіндігінше орындауы және әhли-сүннет уәл жамағат жолында, яғни сүннилердің ізімен, ілімімен әрекет еткен болуы тиіс. Сондай-ақ, дүниеге қызықпайтын тақуа, тым ықыласты әрі дінге деген қызметі адал, мәрт, өте сенімді, шынайы берілген жанкешті, барынша үнемшіл әрі қанағатшыл болуы шарт.
Қысқаша айтқанда: тәфсир етуші, өзінің Құраннан алған ғылыми еңбектерімен Хазіреті Мүхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлығының сәулесінен нәр алған, сондай-ақ өзінің үлкен тақуалығымен, мол қүлдығымен және асыл қасиеттерімен де Хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) әулиелігінің нұрына бөленген Қүранның қызметшісі болуы тиіс.
Тоғызыншыдан: Тәфсир етуші кісі, Құранның және шариғаттың мәселелерін баяндаған кезде, қандай да болсын азаптан немесе жәбірленуден тайсалмай, қиын жағдайларда айтқанынан қайтпай, өлімнен қорықпай, дүниені дүркіретерлік иман қуатымен ақиқатты еркін айтатын, Ислам берген батырлығымен ержүрек болуы тиіс.