Үшінші нүкге:
Адам, іс-әрекет, амал жасау және өзін материалдық жағынан қамтамасыз ету тұрғысында әлсіз жануар, әрі бейшара мақұлық. Оның бұл тұрғыда иелік жасау мен билік жүргізу алаңы өте тар. Тар болғаны сондай ана басында түрып, қолын созса мына басына тиіп тұр. Тіпті адамның асыранды үй жануарлары оның әлсіздігі, бейшаралығы және жалқаулығынан әсер алғаны соншалық, оларды жабайы тұқымдастарымен салыстырғанда үлкен айырмашылықтар байқалады. (Үй ешкісі мен тау ешкісі, жылқы мен жабайы жылқы т.с. с) Алайда, адам баласын, әсер алу, мақұлдау, дұға ету мен тілену тұрғысынан алып қарағанда, ол мына "дүние" атты қонақжайда қадірлі жолаушы болып табылады. Жолаушылап түскен үйінің қожайыны өте мейірімді, жомарт, Кәрім болғаны сондай, оған өзінің теңдесі жоқ туындылары мен қызметшілерін бағындырып, сарқылмас қазынасын алдына жайып тастаған. Қонағының дем алып тынығуына, қызықтауына әрі пайымдалануына әзірлеген алаңының үлкендігі сондай, адамның көзі тіпті қиялы жеткен жеріне дейін созылып жатыр.
Міне, егер адам, менмендікке салынып дүниелік бәз өмірді қиядап әрі өкінші өмірдегі ләззәттар үшін еңбек етсе, тар алаңда булығып өте шығады. Оған берілген күллі жиhаздар мен құралдар, құнды сезімдер хаширде оның үстінен шағым жасап дауа салатын куәгерлерге айналады.